Кеңес ӘлімжанБозторғай ана

0
Слушать
Скачать
Текст песни

Тоғыз ай он күн толғайды
Өмірге мені жолдайды
Алты қат аспан астында
Анамдай адал болмайды
Анамдай адам болмайды

Жалғызым жаным, жан апам
Мақтадан мамық, алақан
Ананың жаны бозторғай
Баланың жаны балапан
Адамды Алла көп сынар
Әкенің сөзі оқ шығар
Анамдай сұлу адамзат
Жұмак жақтада жоқ шығар

Періштем болып қорғайды
Пейіштей болып орнайды
Жеті қат жердін үстінде
Анамдай жылу болмайды
Анамдай сұлу болмайды

Қартайса анаң сол қайғы
Ақ жүзін әжім торлайды
Жүрексіз адам болса да
Баласыз ана болмайды
Анасыз бала болмайды

Комментарии
2023 © SoundBaza.net | По всем вопросам писать на: support@soundbaza.net